Ата-аналар жиналысы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасын орындау мақсатында және «Қазақстан балалары» 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының 21-тармағын іске асыру шеңберінде А. С. Пушкин атындағы № 3 көпсалалы мектеп-лицейінде қазан айының 10-ы мен 20-сы аралығында ата-аналар жиналыстары өткізілді.

Күн тәртібі:

Балалардың қауіпсіздігі, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және балаларға психологиялық қолдау көрсету. «Balazhan» цифрлық платформасының жұмысы туралы.

І шетрек бойынша оқушылардың оқу-тәрбие қызметінің қорытындылары.

Демалыс кезеңіндегі балалардың қауіпсіздігі бойынша нұсқама.

Әртүрлі мәселелер.

Ата-аналар жиналыстарын өткізу барысында мектеп Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алды.